Ұстаздар мерекесі құтты болсын!

Ұстаздар мерекесі құтты болсын!

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
– деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай,
 Ұстаздық -ұлы мамандық!

Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап, шәкірттердің бойына жеткізе білгеніңізбен қатар, бойыңыздағы барлық жинап - терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз. Балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз. Ол арманыңыз өзіңіздің ерен еңбегіңіздің арқасында орындалды. Әлі де алар асуларыңыз, шығар шыңдарыңыз биік болсын!

Ізгі тілекпен: Ұлттық Интернет Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті

Құрметті қолданушылар Ұлттық Интернет Олимпиада сайтына қош келдіңіздер! ҰИО сайты сіздерді республикалық интернет олимпиадаға қатысуға шақырады. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде оқушыларға,студенттерге,мұғалімдерге және топтарға арналып ұйымдастырылады. Ыңғайлы интерфэйсте, білікті мамандардың құрастырған тапсырмаларын орындай отырып көрсеткен нәтижесіне сәйкес сертификаттар, дипломдар мен алғыс хаттарға сол сәтте қол жеткізе аласыз.

Байланыс

  • Жұмыс күндері:
    сағат 9:00- ден 18.00-ге дейін
  • Сенбі:
    сағат 9:00- ден 15.00-ге дейін
  • Жексенбі: демалыс