Ұлттық Интернет Олимпиада сайысының қорытындысы

Ұлттық Интернет Олимпиада сайысының қорытындысы

Құрметті ҰИО (НИО) қатысушылары (оқушылар, ұстаздар, студенттер) 2017-2018 оқу жылында ұйымдастырылып өткен олимпиадамыздың аяқталғанын хабарлаймыз! 

Олимпиада барысы:

Барлық пәндерден олимпиада ұйымдастырылды, жеңімпаздар арнайы I, II, III дәрежелі дипломмен, қатысушылар сертификат және алғыс хаттармен марапатталды!

Байқаулар ұйымдастырылды: «Кім жүйрік?», «Ертегілер әлеміне саяхат»

Жеңімпаздар сертификат және арнайы сыйлықтармен (планшет, оқулық, смарт сағат, т.б) марапатталды!

Алғыс білдіреміз!

Барлық қатысушылар мен мектеп ұжымына алғыс білдіреміз!

2017-2018 жылдың үздік мектептері:

I Қарағанды облысы, Қарағанда қаласы, 101 мектеп-лицейі

II Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №13 мектеп-гимназиясы

III ОҚО, Сарыағаш ауданы, №89 Л. Жолдасов атындағы жалпы орта мектебі (құттықтаймыз) кубоктармен марапатталды!

Жаңа оқу жылында сіздерді бұдан да қызықты байқаулар мен сыйлықтар күтуде! Келер жылы кездескенше, демалыстарыңыз көңілді өтсін! 

"Білімді болу деген сөздің мағынасы — белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым"- деген екен Әбу Насыр Әл-Фараби . Ізденістеріңіз шектелмесін! Сіз ашатын есіктер әлі көп!

                                                            Құрметпен Ұлттық Интернет Олимпиада ұжымы!!

Құрметті қолданушылар Ұлттық Интернет Олимпиада сайтына қош келдіңіздер! ҰИО сайты сіздерді республикалық интернет олимпиадаға қатысуға шақырады. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде оқушыларға,студенттерге,мұғалімдерге және топтарға арналып ұйымдастырылады. Ыңғайлы интерфэйсте, білікті мамандардың құрастырған тапсырмаларын орындай отырып көрсеткен нәтижесіне сәйкес сертификаттар, дипломдар мен алғыс хаттарға сол сәтте қол жеткізе аласыз.

Байланыс

  • Жұмыс күндері:
    сағат 9:00- ден 18.00-ге дейін
  • Сенбі:
    сағат 9:00- ден 15.00-ге дейін
  • Жексенбі: демалыс