ҰИО туралы қатысушылар пікірі

ҰИО туралы қатысушылар пікірі

Құрметті NIO.KZ Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасы ұйымдастыру комитетінің төрағасы Айбек Қуандықұлы

Жас ұрпақтың интелектуалдық дамуы, білімге деген құштарлығы күннен- күнге артып келуде. Бұның барлығы сіздердің, оқушыларымызға деген көзқарастарыңыздың шынайы екендігінен деп білеміз. Осындай NIO.KZ Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасы шалғай ауылдарға да келіп жеткеніне қуаныштымыз.№127. Т. Бердияров атындағы жалпы орта мектебі оқушылары осы желтоқсан айында өте белсенділік таныта білді деп ойлаймын. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына өте оң ықпал еттіБастауыш сынып оқушыларынан елуден астам оқушылар тіркеліп, олимпиадаға қатысуға ниеттерін білдірді. Бүгінге дейін соншама оқушымыз қатысып І,ІІ,ІІІ- дәрежедегі дипломдармен сертификаттарға ие болды. Ал, ұстаздарымыздан Сейделханов Б, ШералиеваГ, Жанбырбаева А, Жанбырбаева Г, Керимбаева А т.б.ұстаздарымыз NIO.KZ Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасы тарапынан Алғыс хаттарға ие болды. Алайда, осы жұмыстардың басында ұйытқы болған, қатысуға шақырып қызығушылықты оята білген Тағаев Асқар ағай болды деп толық айта аламыз.Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары жоғары белсенділікпен қатыса білді. Бір ғана мысал , 4 «ә» сыныбынан , сынып жетекшісі Сейделханов Бауыржан ағай 28 оқушыдан 26 сы қатысты. Олардың ішінен 5 еуі екінші рет қатысты.Құрметті Айбек Қуандықұлы №127. Т. Бердияров атындағы жалпы орта мектебі мұғалімдері атынан сізге және ұжымыңызға үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Алдағы уақыттарда осындай NIO.KZ Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасы ұйымдыстырған олимпиадалардың болуын, оған оқушыларымыздың көптеп қатысқысы келетінін жеткіземіз. Құрметпен: бастауыш сынып мұғалімі: Сейделханов Бауыржан

                       №127.Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебі ОҚО. Сарыағаш ауданы Ұшқын ауылы

Құрметті қолданушылар Ұлттық Интернет Олимпиада сайтына қош келдіңіздер! ҰИО сайты сіздерді республикалық интернет олимпиадаға қатысуға шақырады. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде оқушыларға,студенттерге,мұғалімдерге және топтарға арналып ұйымдастырылады. Ыңғайлы интерфэйсте, білікті мамандардың құрастырған тапсырмаларын орындай отырып көрсеткен нәтижесіне сәйкес сертификаттар, дипломдар мен алғыс хаттарға сол сәтте қол жеткізе аласыз.

Байланыс