ҰБТ-2017 өзгерістер

ҰБТ-2017 өзгерістер

Жалпы биыл мектеп бітіруші оқушыларда ҰБТ алып тасталды, енді ҰБТ болмайды, - деп арқаны кеңге салып алаңсыз жүру жағдайы бар...
Бұл пікірдің қате екенін ресми растаймын... ҰБТ – алынып тасталған жоқ, тек форматы өзгеріске ұшырады...
Биылдан бастап мектеп бітірушілер үшін мектеп бітіру және оқуға түсу сынақтары қалай болады?
Қысқаша жауап берейін...
1. Биыл мектеп бітіру емтиханы мен ҰБТ бөлінді, бұрынғыдай ҰБТ мектеп бітіру емтиханы орнына жүрмейді...
2. Мектеп бітірушілер мамыр айының соңында және маусым айының басында куәлік алу үшін міндетті мемлекеттік 2+3 форматындағы емтихан тапсырады. Яғни, Оқу тілінде эссе жазу, математикадан бақылау жазу бұны мектеп ұйымдастырады. Қазақ мектептері үшін орыс тілі, орыс мектептері үшін қазақ тілі және тарих, екі таңдау пәндерінен тест формасында оны ұұлттық тестілеу орталығы ұйымдастырады. Осының нәтижесінде мектеп бітру толымдылық куәлігін алады. (толық нұсқасын орыс тілінде парақшамда 10 қыркүйек күні жариялағанмын)
3. Жоғары оқу орнына түсу үшін шілдеде қалаған университетіне барып математика, функцияналдық сауатттылық және екі таңдау пәні жалпы төрт пәннен тест тапсырады. Соның нәтижесінде оқуға түседі. 
4. Жоғарыдағы емтихан және оқуға түсу үшін болатын тесттерде бұрынғыдай бір жауабы дұрыс тесттер ғана болмайды, көп жауабын таңдау тесттері болады. мысалы Тарих пәнінен 20 тест, оның 10 – ы бір жаубы дұрыс, 10 – ы екі жауабы дұрыс...
5. Жоғары оқу орнына түсу үшін тапсырлатын тест нәтижесі мектепке қатысы жоқ...
Осыдан шығатын түйін бұдан кейін, әр оқушы өзі үшін жүгірмесе бұрынғдай мектептер жанталаспайды, сол үшін биыл мектеп бітіретін оқушылар мен ата-аналарға жақсы мамандық иесі атанғысы келсе осы бастан өздері жүгіруі керек... Мектеп күштемесе дайындалмайтын жаман әдетті енді тастамаса кеш болары анық...

Құрметті қолданушылар Ұлттық Интернет Олимпиада сайтына қош келдіңіздер! ҰИО сайты сіздерді республикалық интернет олимпиадаға қатысуға шақырады. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде оқушыларға,студенттерге,мұғалімдерге және топтарға арналып ұйымдастырылады. Ыңғайлы интерфэйсте, білікті мамандардың құрастырған тапсырмаларын орындай отырып көрсеткен нәтижесіне сәйкес сертификаттар, дипломдар мен алғыс хаттарға сол сәтте қол жеткізе аласыз.

Байланыс